28 мамырда «Мама, мені тыңдашы…» атты хат оқу кеші өтті.

Кеш барысында көрермендер сахнадан оқылған шынайы хаттарды тыңдап, өз ішкі жан дүниесіне үңіле алды. Әрбір хатта анаға деген сағыныш, сүйіспеншілік, алғыс пен кешірім сынды терең сезімдер көрініс тапты. Бұл хаттар — күнделікті өмірде айтуға қиын болатын шын жүректен шыққан сөздердің үні болды.

Оқылымнан кейін қатысушылар да өз аналарына арнап хат жазып, жобаға өз үлестерін қосты. Олар жүрек түкпірінде сақталған естеліктер мен сезімдерді қағазға түсіріп, аналарымен рухани байланыс орнатты.

Іс-шара — сөздің қуатын, ананың қадірін және махаббаттың мәңгілік мәнін ұғындыратын әсерлі әрі жүрекке жеткен кеш болды.