Алматы жастары ашық аспан астында тегін киноны қайдан көре алады
Алматы қаласында «Ашық аспан астындағы кинокөрсетілімдер» жобасы басталды. Жоба қаланың волонтерлерінің бастамасымен және Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда. Басты мақсат – отандық киноөндірісті насихаттау, жастардың мәдени бос уақытын тиімді ұйымдастыру және қолжетімді қалалық мәдени орта қалыптастыру.
Жоба аясында әр апта сайын қаланың сегіз ауданында отандық фильмдердің тегін көрсетілімдері ұйымдастырылады.