Алматы жастары «Жұмысшы мамандықтар» жылында: еңбек жетістікке жетер жол

Алматы жастары үшін «Жұмысшы мамандықтар» туралы қысқаметражды фильмдер түсірілді

Алматыда жастар саясаты басқармасының қолдауымен «жұмысшы мамандықтар жылы» аясында түсірілген -  «One day life» қысқаметражды фильмдер сериясының премьерасы өтті.

Қысқаметражды фильмдер адамдардың нақты оқиғаларын баяндайды. Фильмде кейіпкерлердің еңбектері мен табандылықтары және күреске толы өмір жолдарын көрсеткен.

One day life» жобасы жұмысшы мамандықтарын дәріптеуге және әртүрлі салалардағы еңбектің маңыздылығын көрсетуге бағытталған бірегей жоба.

«Жоба креативті және ынталы жастар үшін шабыттың жаңа толқынының символына айналары анық. Мұндай форматтағы жобалардың арқасында біз маңызды әлеуметтік мәселелерді көтереміз және шығармашылық ортаны дамыту үшін платформа құрамыз, ондай ортада әркім өзін көрсете алады», - дейді ұйымдастырушылар.

Тұсаукесерге жиналған көрермен көп болды. Олардың ішінде қоғам белсенділері, білім беру мекемелерінің өкілдері және жастар болды.

«One day life» жобасының әрбір қысқаметражды фильмі құрылысшылар мен медбикелерден бастап аспаздар мен инженерлерге дейінгі әртүрлі жұмысшы мамандықтарындағы адамдардың өміріндегі бір күнді көрсетеді. Көрермен кейіпкерлердің кәсіби күндері туралы біліп қана қоймай, олардың жұмысы жалпы қоғамға қалай әсер ететінін де ұғады.

Жоба авторлары тек өз жолдарын айтып қана қоймай, еңбекті құрметтеудің маңыздылығын және қоғамның дамуындағы жұмысшы мамандықтарының рөлін көрсетеді.