Бостандық ауданында «Бес қару» әскери-патриоттық ойындары өтті
17 мамыр 2025 жылы, Бостандық ауданында М. Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясының базасында «Бес қару» әскери-патриоттық ойындары өтті. Іс-шараны Алматы қаласының жастар саясаты басқармасы мен Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
«Бес қару» әскери-патриоттық ойындары тек жарыс қана емес, сонымен қатар жастардың патриоттық рухын нығайтуға, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және ұлттық тарих пен мәдениетке деген қызығушылықтарын оятуға бағытталған маңызды іс-шара болып табылады.
Айта кетейік, демалыс орталықтары – бұл жастардың бос уақытын қызықты әрі пайдалы өткізуге арналған мекемелер. Алматы қаласында 100 демалыс орталығы жұмыс істейді, олардың базасында 260-тан астам тегін үйірмелер бар. Бұл орталықтарға 14 пен 29 жас аралығындағы 12 мыңнан астам жасөспірімдер қатысады.
Шараға ҚР ІІМ Алматы академиясы, ҚР ҰҚК Шекара академиясы және ҚР ҰҚК Академиясының курсанттары қатысты.
Сайыс бағдарламасына бірнеше күрделі әрі қызықты кезеңдер кірді: қаруды жинау және бөлшектеу, жалпы әскери қорғаныш киімін (ЖҚК) кию, оқ-дәрі салынған жәшіктермен жүгіру, жараланғанды иыққа салып тасымалдау. Бұл кезеңдер курсанттардың физикалық және моральдық төзімділігін, шапшаңдығын және үйлесімді әрекет ету қабілетін сынады. Ойындар жас патриоттарды біріктіріп, олардың жоғары деңгейдегі дайындықтары мен командалық рухын көрсетуге мүмкіндік берді.
Сайыс нәтижесі бойынша:
1-орынды ҚР ҰҚК Шекара академиясының командасы,
2-орынды ҚР ҰҚК Академиясының командасы,
3-орынды ҚР ІІМ Алматы академиясының командасы иеленді.
Жеңімпаз командалар кубоктармен, бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.