«Quizz» интеллектуалды ойыны
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Әуезов ауданының комьюнити орталығы жастар арасында интеллектуалды ойын ұйымдастырды. Шараның мақсаты — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституция туралы білімдерін кеңейту және еліміздің негізгі заңына деген құрметті нығайту.
Ойын барысында қатысушылар ҚР Конституциясының тарихы, құрылымы және маңыздылығы жөніндегі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Жеңімпаз командаларға арнайы алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Мұндай шаралар жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.