Жетісу ауданындағы «Құлагер» паркінде ерекше мерекелік шара — Jetisu Fest өтті!
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Жетісу ауданындағы «Құлагер» паркінде ерекше мерекелік шара — Jetisu Fest өтті!
Іс-шараны Жетісу ауданының Демалыс орталықтары бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шарада демалыс орталықтарының бүлдіршіндері өнер көрсетіп, мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Мереке барысында белсенді бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлады 🎤✨